Қаз 12, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Сауд Арабиясы екі негізгі ойыншы ретінде езілген Палестина халқын қолдауы керек

ИИР Президенті екі елдің әсіресе ислам әлеміне қатысты мәселелердегі ортақ сенімдері мен мүдделеріне тоқталып: «Иран мен Сауд Арабиясы қазіргі қиын кезеңде екі негізгі ойыншы ретінде езілген мұсылман Палестинаға қолдау көрсетуі керек",- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибраһим Раиси Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен сұхбатында: «ИИР Сауд Арабиясымен бірлік қағидасы негізінде қарым-қатынастарды тереңдету және нығайтуды жақтайды. Ислам әлемі мен көршілестік, және біз екі тарап арасындағы қарым-қатынастар аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын тұрақтандыруға, нығайтуға және жақсартуға көмектесетін осындай әлеуетке ие деп санаймыз",- деп мәлімдеді. Иран Президенті сионистік режимнің әсірешіл кабинетінің қорғансыз және жәбірленген халыққа қарсы тарихи жеңілісі үшін кек алып, ұятсыз әрекетімен Газа халқына су мен электр қуатын, отын мен дәрі-дәрмек беруді тоқтатқанына назар аудартып: " Ислам елдері сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын тезірек тоқтату үшін ынтымақтастық пен бірігуге міндетті. Иран мен Сауд Арабиясы палестиналықтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге және сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарын тоқтатуға көмектесе алады",- деп баса айтты.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бұл телефон сұхбатында Газадағы соңғы оқиғаларды ауыр және қауіпті деп сипаттап: "Палестиналықтардың құқықтарының бұзылуына байланысты болып жатқан жағдай әлемнің басқа аймақтарында, соның ішінде Батыс елдерінде қауіпсіздіктің күшеюіне және дамуына әкелуі мүмкін",- деді.

 

Тегтер