Қаз 14, 2023 17:10 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Палестина мен Газа - Исламның құдіреттілігінің  көрінісі

Ислам революциясы жетекшісі Шейх Ибрахим Закзакимен  кездесуде  Палестина мен Газаның Исламның құдіреттілігінің  көрінісі екенін қуаттады.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін (сенбі) Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі шейх Ибрахим Закзаки және оның жұбайымен кездесуінде өзінің және отбасының талпыныстарын қадірлеп, кең таралған қастандықтарға қарамастан, Исламның әлемде күшеюін күресшілердің нәтижесі деп тауып, басып алынған Палестинаның және әсіресе Газаның жағдайына тоқталып: "Бүгінде Исламның құдіреттілігінің бір көрінісі – Палестинада болып жатқан мәселелер",- деді.

Діни қолбасшының баспасөз қыщметінің мәоіметінше, аятолла Хаменеи: "Палестинадағы соңғы күндердегі оқиғалар, әсіресе бомбалаулар мен әйелдердің, балалардың және ерлердің шәһид болуы адам жүрегін жаралайды. Бірақ бұл оқиғалардың тағы бір бөлігі Исламның Палестинадағы керемет күшін көрсетеді. Алла Тағаланың рақымы мен қамқорлығымен Палестинада басталған бұл қозғалыс алға шығып, палестиналықтардың толық жеңісіне әкеледі. Ислам әлеміндегі әрбір адам Палестина халқына көмектесуге міндетті",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи Иранда исламдық жүйенің қалыптасуы мен көптеген ғасырлардан кейін саяси ислам ойларына негізделген үкіметтің құрылуын исламның құдіретінің бір қыры деп: "Ислам еспубликасы құрылғаннан бері күннен-күнге нығая түсті және болашақта да нығая түспек",- деп мәлімдеді. Ол әлемдегі исламдық әрекеттердің күннен күнге кеңейіп жатқанына назар аудартып: "Бүгінгі таңда исламдық қозғалыс Африка, Азия, Еуропа және Солтүстік Америка сияқты әлемнің әртүрлі бөліктерінде кеңейіп келеді және Алланың рақымымен бұл қозғалыстың табысы бұдан да үлкен күшпен жалғасады",- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басқа бір бөлігінде шейх Зәкзаки және оның отбасымен кездесуді өте қуанышты атап, оларға "Сіздердің Аллаһ жолында нағыз күресшінің үлгісісіз және сіздің күрестеріңізді жалғастыра алатыныңызға сенеміз",- деді.

Нигериядағы Исламдық қозғалыстың жетекшісі шейх Ибрахим Закзаки мен оның жұбайы да бұл кездесуге үлкен ризалықтарын білдіріп, олардың сезімдерін айтып жеткізу мүмкін емес деп: "Сіздің дұға-тілектеріңізбен және мұсылмандардың күш-жігерімен Ислам күннен-күнге кеңейе түседі деп сенеміз",- деді.

 

Тегтер