Раиси: Әл-Момадани ауруханасындағы өрт сионистердің өзін жалмайды
Қаз 18, 2023 17:10 Asia/Almaty
ИИР Президенті Ибрахим Раиси сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылына реакциясында: "Әл-Момадани ауруханасындағы өрт сионистердің өзін жалмайды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні әлеуметтік желідегі өз парақшасында: "Газа секторының әл-Момадани ауруханасындағы палестиналық жаралылардың үстіне түскен америкалық-израильдік бомбалардың жалыны жуырда сионистердің өзін жалмайды",-деп жазды.
Иран Президенті: "Бірде-бір азат адам бұл соғыс қылмысына қатысты үнсіз қалмауы тиіс",-деді.
Раиси: "Иран халқы басқа ислам үмбеті сияқты қайғырып, сәрсенбі күнін аза тұту күні деп жариялады",-деді.
Тегтер