Қаз 21, 2023 17:38 Asia/Almaty
  • Қызыл жарты ай ұйымының алғашқы  гуманитарлық көмегі Газаға жол тартты

Қызыл Жарты ай ұйымының басшысы Ираннан Газаға алғашқы көмек жөнелтілгенін хабарлады.

 

Пирхұсейн Коливанд, Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы: "Бұл көмектерді жіберу үшін Мысыр Қызыл Жарты айының басшысымен қажетті келісімдер жасалды. Алғашқы көмек 60 тоннаға жуық медициналық және шұғыл азық-түлікті қамтиды. Дүйсенбіге дейін сыйымдылығы шамамен 20 000 тонна болатын кемемен тағы бір жүк жөнелтіледі. Біз Рафах өткелінің шекарасында жарақат алғандарды емдеу немесе жараланғандарды аталған ауруханаларға жіберу үшін үш жылжымалы аурухана құрылымын орналастыруға тырысамыз",- деді.

 

Тегтер