Қаз 22, 2023 16:25 Asia/Almaty
  • Иран мен Оман ислам елдерінің Палестина халқына үйлестірілген көмегін қуаттады

Иран мен Оманның Сыртқы істер министрлері Палестина халқына  көмектесу үшін ислам елдерінің талпыныстары мен қозғалыстарын үйлестіруді қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан мен Бадр әл-Бусаиди палестиналықтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың өлтірілуін дереу тоқтату, Газа секторының қоршауын дереу алып тастау және жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтарды қамтитын гуманитарлық көмек жіберу жолдарын талқылады. Иран мен Оманның Сыртқы істер министрлері Газа секторының палестиналық тұрғындарын күштеп көшіру саясатына үзілді-кесілді қарсы екендіктерін мәлімдеді.

 

Тегтер