Амирабдуллахиан: Қарсыласу топтарының басқыншыларға қарсы әрекеттері халықаралық құқыққа негізделген
https://itolqyn.com/news/iran-i73194-Амирабдуллахиан_Қарсыласу_топтарының_басқыншыларға_қарсы_әрекеттері_халықаралық_құқыққа_негізделген
ИИР Сыртқы істер министрі люксембургтік әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде палестиналық қарсыласу топтарының басқыншылықпен күресу мақсатындағы әрекеттері халықаралық құқыққа негізделгеніне тоқталды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 22, 2023 17:02 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Қарсыласу топтарының басқыншыларға қарсы әрекеттері халықаралық құқыққа негізделген

ИИР Сыртқы істер министрі люксембургтік әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде палестиналық қарсыласу топтарының басқыншылықпен күресу мақсатындағы әрекеттері халықаралық құқыққа негізделгеніне тоқталды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Жан Ассельборнмен телефон арқылы сөйлесуінде балаларды, әйелдерді және бейбіт тұрғындарды өлтіру, жүздеген мың адамды баспанасыз қалдыру, Газадағы ауруханаларға шабуыл жасау, шіркеуге шабуыл жасау Газада және БҰҰ-ның талпыныстарына қарамастан су, азық-түлік, дәрі-дәрмек және отынның жеткізілуіне тосқауыл қою үшін осы аймақты қоршаудың жалғасуы сионистік режимнің Палестинаның қарсыласу күштеріне қарсы дәрменсіздігін көрсететінін және бұл режимнің қылмысы болып табылатынын айтты.

Жан Асельборн да осы телефон сұхбатында Газадағы қиын жағдайдан хабардар екенін айтып: "Біз шиеленістердің тезірек тоқтатылуын және саяси шешімге басымдық берілуін күтеміз",- деді.