Иранның Барлау министрі: Сионистік режимді қатал және жойқын кек күтіп тұр
(last modified Sun, 22 Oct 2023 11:21:58 GMT )
Қаз 22, 2023 17:21 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрі: Сионистік режимді қатал және жойқын кек күтіп тұр

Иранның Барлау министрі: "АҚШ пен сионистік режимді қолдайтын басқа да үкіметтер дүниежүзінің азаттық пен әділет іздеп, зұлымдыққа қарсы тұратын халқы олардың қолдауын жауапсыз қалдырмайтынын және оларды қатал, жойқын, жойғыш кек күтіп тұрғанын білуі керек",- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Исмаил Хатиб сионистік режимнің Газа секторындағы   адам құқығы туралы жар салушылардың көз алдында  орын алып жатқан жаппай қырып-жоюды айыптап:  "Бұл жойқын әрекет тарихта адамзатқа қарсы қиянат ретінде енетіні сөзсіз және бұл қылмыстық әрекеттің нәтижесі сионистік режим мен Батыс Азия аймағы елдері арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үдерісінің қалыпты жағдайға оралмауы болып табылады",- деп мәлімдеді. Иранның Бароау министрі "әл-Ақса дауылы" операциясын қарсыласу майданының ең күрделі, ақылды, батыл және тиімді операциясы деп атап:  "Ол сионистік режим үшін бұл нәзік, лімге әкелетін, орны толмас және аймақтық және жаһандық теңдеулерде елеулі стратегиялық өзгерістерге себеп болады",- деді.