Қаз 22, 2023 19:00 Asia/Almaty
  •  Ертең Теһранда «3+3» сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

Ертең (дүйсенбі) «3+3» форматындағы екінші отырыс Әзірбайжан, Армения, Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Теһранда өтеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің қабылдауында Ресей, Түркия, Әзірбайжан және Арменияның сыртқы істер министрлері ертең Теһранда «3+3» форматындағы екінші отырысына қатысу үшін бас қосады. Олар Оңтүстік Кавказ аймағының мәселелерін зерттеп, саяси, экономикалық, қауіпсіздік, транзиттік, энергетикалық және т.б. салалардағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылайды. Бұл аймақтық топты құрудағы ең маңызды мақсаттардың бірі аймақтық елдердің қатысуымен және аймақтан тыс және батыс елдерінің араласуынсыз аймақ проблемаларын шешу болып табылады және осының негізінде ертеңгі кездесудің бір тақырыбы Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздер болмақ.

 

Тегтер