Қаз 22, 2023 19:16 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы жерсілкіністен зардап шеккендерге Иран халқынан төртінші көмек  жіберілді

Иран халқынан Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге төртінші көмек Хорасан Разавидің шығысындағы «Доғарун» шекарасынан жөнелтілді.

IRNA  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Тайбад Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Хади Рамезани бұл жүкті Тайбад қаласының тұрғындары жинап, Ауғанстанның Герат облысының жерсілкінісінен зардап шеккен Занде Джан аудандарына таратқанын айтты. Хади Рамезани: "Гуманитарлық көмек ретінде Ауғанстанға азық-түліктің, май, күріш, консервілер, 40 тонна көрпелер мен кілемдер жіберілді. Осы уақытқа дейін алдыңғы үш кезеңде Ираннан 26 жүк көлігімен жерсілкінісінен зардап шеккен халыққа 690 тоннадан астам қайырымдылық жүк жөнелтілді",- деді.

 

 

Тегтер