Амирабдуллахиан сионистердің Газадағы қылмыстары туралы Ватикан Сыртқы істер министріне хат жазды
(last modified Mon, 23 Oct 2023 10:48:30 GMT )
Қаз 23, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан сионистердің Газадағы қылмыстары туралы Ватикан Сыртқы істер министріне хат жазды

Иран Сыртқы істер министрі Ватиканның Сыртқы істер министріне жолдаған хатында сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына тоқталып: «Өкінішке орай, бүгін біз басып алынған Палестина жерлеріндегі заманауи қатыгездіктің жаңа нұсқасымен бетпе-бет келіп отырмыз»,- деп жазды.

 

Хұсейн Амирабдуллахиан Ватиканның Сыртқы істер министрі Пол Ричард Галлахерге жазған хатында: «Әлемге бұрынғыдан да тыныштық, бейбітшілік пен адамгершілік қажет болғанымен, өкінішке орай, бүгін біз басып алынған Палестина жерлеріндегі заманауи қатыгездіктің жаңа нұсқасымен бетпе-бет келіп отырмыз. Сионистік режимнің әл-Момедани ауруханасына шабуылы және балалар мен әйелдер пана болған Газадағы Әулие Порфилиус тарихи шіркеуін бомбалаудың қорқынышты қылмысы сионистік режимнің қатыгез әрі қиянатшыл болмысының тағы бір қырын көрсетеді. Бұл Израиль режимінің тек мұсылмандарға ғана емес, барлық Авраамдық діндерді ұстанушыларға, соның ішінде христиандарға қарсы жүйелі апартеид жүргізетінін көрсетеді»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер