Қаз 24, 2023 18:00 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті: Иран аймақтық мәселелерді өзара әрекеттесу арқылы шешуге баса мән береді

ИИР Президенті өз елінің әрқашан көрші елдер арасындағы келіссөздер мен диалогты аймақтық мәселелердің шешімі ретінде қарастыратынын мәлімдеп, Кавказ ынтымақтастығы тобы отырысының диалогтары сындарлы ынтымақтастық пен аймақтық өзара іс-қимылды нығайтудың қайнар көзі болатынына сенім білдірді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Кавказ ынтымақтастығы тобының отырысына қатысу үшін Теһранға келген Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесуінде ИИР-ның аймақтағы проблемаларды шетелдік күштердің араласуымен шешу мүмкін еместігі туралы іргелі ұстанымына тоқталып, аймақтық мәселелерді аймақ елдерінің өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы арқылы шешуді қуаттады.  Раиси Газа секторындағы соңғы күндердегі  оқиғаларға тоқталып: «Газадағы бүгінгі жағдай аймақтағы барлық халықтарға батыстықтардың және олардың көшбасшысы Американың сионистік қылмыстарды толық қолдайтынын көрсетті. Олар аймақтағы елдердің досы және жанашыры емес, аймақтағы нәсілшілдік мүдделерін ғана көздейді",- деді.

Джейхун Байрамов өз елінің Иранмен қарым-қатынастарына ерекше мән беретінін айтып: «Иранның мәселелерге, әсіресе аймақтан тыс елдердің аймаққа аяғын басуына жол бермеу көзқарасы Әзірбайжан тарапынан мақұлданып, қолдау тауып отыр. Сондықтан Кавказ ынтымақтастығы тобының отырысының Теһранда өткізілуі пайдалы және сындарлы деп бағаланады",- деп айтты.

 

Тегтер