Армия қолбасшысының «Айбын - 1402» жаттығуы мақсаттарының сәттілігіне баса назар аударды
https://itolqyn.com/news/iran-i73340
ИИР армиясының бас қолбасшысы: «Әуе күштері «Айбын - 1402» жаттығуда сәтті әрекет көрсетті»,- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 28, 2023 20:05 Asia/Almaty
  • Армия қолбасшысының «Айбын - 1402» жаттығуы мақсаттарының сәттілігіне баса назар аударды

ИИР армиясының бас қолбасшысы: «Әуе күштері «Айбын - 1402» жаттығуда сәтті әрекет көрсетті»,- деп баса айтты.

Сейед Абдулрахим Мусави армияның құрлықтағы күштерінің «Айбын - 1402» жаттығуы аясында: " Бұл жаттығуларда әуе күштері 200-ден астам тікұшақтарды дайындап, орналастыра отырып, күндіз және түнде әртүрлі жерлерде әскерлердің дәл тікұшақпен ұшуымен көптеген жауынгерлік әрекеттерін сәтті орындады. Бұл олардың Батыс Азия деңгейінде дамуы мен мүмкіндіктерінің жақсарғанын көрсетеді",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР армиясының бас қолбасшысы Мусави: «Әскери-әуе күштерінің әртүрлі бөлімшелерінің бастамалары мен іс-әрекеттері, жылжымалы шабуыл және жедел әрекет ету, бронетранспортер, артиллериялық және ракеталық, ұшқышсыз үшақ, инженерлік, электронды соғыс және бұл күштердің үлкен көлік флотының Әскери-әуе күштерінің көлік ұшақтарының қолдауымен алыс жерлерден оқу-жаттығу аймағына бригадаларды барлық жеке құраммен, құрал-саймандармен және жабдықтармен жылдам көшіру мүмкіндігі таң қалдырды",- деп айтты.