Қаз 30, 2023 17:16 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстан үкіметі мен халқына көңіл айтты

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Қазақстанның бір шахтасында болған жаралысқа байланысты осы ел үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Насер Канани Қазақстанның Қарағанды қаласындағы бір шахтада болған жарылысқа байланысты хат жолдап, Қазақстан үкіметі мен халқына және осы оқиғада қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, Алла тағаладан қаза болғандарға кешірім беруін, жараланғандарды тез арада сауықтыруды сұрады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі: "Қарағанды маңындағы Костенко шахтасында жарылыстан қаза тапқандар саны 45 адамға жетті",-деп мәлімдеді.

Костенко шахтасында болған жарылыстан екі күн өтсе де, кеншілердің мүрделерін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жергілікті басшылардың айтуынша, әлі 4 адам іздестіріліп жатыр.

Сенбі күні Костенко шахтасында метан газының жиналуы салдарынан жарылыс болды. Бұл кезде шахтада болған 252 кеншіден 208 адам аман-есен шығарылды.

Тегтер