Генерал-майор Бағери: Сионистер өз жеңілісіне қылмыспен жауап береді
ИИР Қарулы күштерінің бас штабының басшысы: "Сионистер өз жеңілісіне қылмыспен жауап береді",-деді.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Мұхаммед Бағери дүйсенбі күні Ұлттық пассивті қорғаныс конференциясында: "Әл-Ақса дауылы" операциясын Палестинадан тыс елдерге телу сионистердің жеңілісін жасыру үшін жасалып отыр",-деді.
Генерал-майор Бағери: "Жәбір көрген халық өз күші және көбіне өзі өндірген қару-жарақтарға сүйене отырып, ең ауыр бақылауда болса да, кіршіксіз де құнды операция жасай алды",-деді.
ИИР Қарулы күштерінің бас штабының басшысы: "Сионистер өз жеңілісіне қылмыспен жауап береді. Палестиналық күрескерлердің терең барлауға негізделген операциясына қарсы сионистердің әуе шабуылдары құнсыз әскери амал болып табылады",-деді.
Генерал-майор Бағери: "Палестина көтеріліс жасап, өз құқығын алуға бел буды",-деді.