Ислам революциясының жетекшісі: Газа адам санасын қозғады
Ислам революциясының жетекшісі Газа халқының шыдамдылығы мен тұрақтылығының жетістіктері туралы: «Газа халқы сабырлығымен адам санасын қозғады",- деді.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи мыңдаған ирандық студенттермен кездесуінде сионистер мен америкалықтардың Газада тудырған апатты тарихта бұрын-соңды болмаған деп тауып: "Палестина халқының, әсіресе Газаның көрген азаптарынан жүрегіміз жаралы, бірақ оқиға орнына терең үңілсек, бұл саланың жеңімпаздары ұлы істерді атқара білген Газа мен Палестина халқы екені белгілі болады",- деп айтты.
Ислам революциясының жетекшісі батыстықтардың жүзінен адам құқығының жалған маскасын алып тастауды және олардың әшкереленуі Газа халқының сабыры мен қарсыласуының нәтижесі деп атап: "Газа халқы шыдамдылығымен адамның ар-ожданын қозғады. Қазір көріп отырсыздар, тіпті АҚШ пен Батыс елдерінің көшелерінде де қалың жұрт Израильге қарсы, көп жағдайда Америкаға қарсы ұрандатып жатыр",- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи Газа халқының шыдамдылығы мен қарсыласуының заңсыз басып алушы режим мен оның үстемшіл қолдаушыларының абыройы мен ар-намысына тиген қорлайтын соққыларына тоқталып: "Америкадан жан-жақты көмек болмаса, сионистік режим бірнеше күннен кейін сал болып қалады",- деді. Революцияның мәртебелі жетекшісі үш аптаның ішінде төрт мың баланың өлтірілуін тарихта бұрын-соңды болмаған қылмыс деп, Ислам үмбетінің Газадағы оқиғаларға қатысты қырағылығы туралы, бұл шын мәнінде «шындық пен жалғандық», «иман мен үстемшіліктің» қарсыласу алаңы екендігіне тоқталып: "Үстемшілер күші бомбамен, әскери қысыммен, апат пен қылмыспен бірге келеді, бірақ иман күші Алланың көмегімен бұлардың бәрін жеңеді",- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи ислам әлемін жұмылдыру қажеттілігіне тоқталып, исламдық үкіметтердің Газадағы қылмыстар мен бомбалауларды дереу тоқтатуын қажет деп біліп, бұл үкіметтерден сионистік режимге мұнай мен азық-түлік экспортына тосқауыл қоюды және бұл режиммен экономикалық ынтымақтастық жасамауды және барлық халықаралық форумдарда екі жақтылықсыз жоғары дауыспен басып алушы режимнің қылмыстары мен трагедияларын айыптауды сұрады.
Әлемдік өтірікшілердің әшкереленуіне тоқталған Ислам революциясының жетекшісі палестиналық жауынгерлерді лаңкес деп атауды Батыс саясаткерлері мен ақпарат құралдарының нағыз ұятсыздықтарының белгісі деп атап: "Отанын, елін қорғаған адам террорист бола ма? Екінші Дүниежүзілік соғыста Парижде немістермен соғысқан француздар террорист болды ма? Қалайша олар жауынгерлер және Франция үшін мақтаныш болып табылады, бірақ Джихад пен Хамас жастары террорист болады ма?" деген сұрақтарлы көтерді.