Қар 03, 2023 16:10 Asia/Almaty
  • Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының кеңесшісі: Сионистік режимнің жойылатын кезі келді

Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының армия ісі жөніндегі кеңесшісі: "Қарсыласу күштерінің батыл әрекеттері арқасында Израильдің тежегіш қуаты әлсіреді. Сионистік режимнің жойылатын кезі келді",-деді.

Бригада генералы Амир Хатами: "Палестина қарсыласу күштерінің "әл-Ақса дауылы" атты жойқын операциясынан кейін сионистік режим жалған жарналамаларға қарамастан, күрес алаңында жеңіліс тапқан кезде айуандық әрекет жасап, Газа секторындағы бейбіт палестиналықтарды жаппай қыра бастады. Осылайша өзінің беделі мен халқының, әсіресе сарбаздарының рухы түспесін деп жанталасты",-деді.

Амир Хатами: "Газа секторындағы Палестина халқына қарсы қылмыс – нағыз геноцид. Бұл жағдай халықаралық хаттамалар, БҰҰ жарғысы, адам құқығы мен азаттықты қорғаушымыз деп айтатын тұлғалардың беделі түскенін, тиімділігі жойылғанын көрсетеді. Әлемдегі қоғамдық пікір, ұжданы ояу адамдар, азаттықты қалайтын халықтар, ғылыми-мәдени және гуманитарлық қайраткерлер сионистік режимнің қылмыстарына наразылық білдіріп, халықаралық қауымдастықтың екіқырлы стандарттары мен екіжүзді қатынасын сынға алуы тиіс",-деді.  

Тегтер