Газадағы қылмыстар барысында әлемге АҚШ пен Батыс елдерінің пасық бейнесі көрсетілді
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің басшысы аятолла Мұхаммед Мұхаммади Гүлпаигани бейсенбі күні сөйлеген сөзінде сионистік режимнің Газа секторындағы Палестина халқына қарсы шабуылдары жалғасып жатқанына тоқталып:
"Батыс қоғамында шыны-өтірігі белгісіз Холокостқа күмән келтірген кез келген адамды адам құқығын қорғау сылтауымен қамауға алады, бірақ АҚШ пен Батыс елдерін басқарып отырған бұзақылар Газадағы адам құқығының жағдайы, ондағы қырып-жою мен сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын көрмейді",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің басшысы Батыс елдерінің Хиросима қаласына тасталған атом бомбасындай бомба Газа секторының халқына тасталғанын жариялағанын айтып: "АҚШ пен Батыс елдерінің пасық та жалған бейнесі әлемге көрсетілді",-деді.