Амоли Лариджани: Ислам әлемі шынайы іспен Газа халқын қырып-жоюдың алдын алуы тиіс
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына тоқталып: "Ислам әлемі шынайы іспен Палестинадағы гуманитарлық апат пен қырып-жоюдың алдын алуы тиіс",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Садық Амоли Лариджани бейсенбі күні Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласында "Фикһ негіздері" атты компьютерлік бағдарламаның ашылу рәсімінде: "Осы күндері сионистік режимнің Газада жасаған қылмыстары тарихта бұрын-соңғы болмаған. Бір шағын ауданда осындай қорқынышты қылмыстар жасалып жатыр. Бұл барша мұсылмандардың жүрегін жаралады. Мұсылмандар Газадағы бауырлар мен қарындастардың жағдайына алаңдап отыр",-деді.
Амоли Лариджани: "Газа секторындағы апатты жағдаймен қоса, ойландыратын тағы бір мәселе – АҚШ-тың сионистік режимді қолдап отырғаны. Сондықтан АҚШ Израильдің қылмыстарына ортақ. Сонымен қоймай, ХАМАС-ты "лаңкестік топ" деп айыптайды",-деді.