Қар 04, 2023 17:06 Asia/Almaty
  • Исламдық Иранның түпкір-түпкірінде  

«Идеал ұрпақпен жаңа әлемдік тәртіп» ұранымен "Әлемдік үстемшілдікпен күрес" ұлттық күні  Иранның астанасы Теһран мен басқа да 1200-ден астам қаласында бір уақытта өтті.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ұлы елі бүгін таңертең өткен 44 жылдағыдай 13 абан оқиғасын еске алу үшін «Америкаға өлім, Израильге өлім» және «Үстемшілдікке өлім» деген ұрандарын айтып, олардың исламдық ұлтқа, әсіресе Палестинаның езілген халқына қарсы жасаған сұмдық жоспарлары мен қылмыстары әлем құлағына жеткізді.

Иран халқы қорғансыз Палестина халқын табанды түрде қолдайтынын мәлімдеп, сионистік режимнің қылмыстарына жиіркеніш білдірді.

13 абан Иран Ислам революциясы тарихындағы үш маңызды кезеңдегі үш маңызды оқиғаны еске түсіру болып табылады. Бұл үш маңызды оқиға Имам Хомейнидің (р.а.) Түркияға жер аударылуының жылдығы, Пехлеви режимінің жалдамалыларының студенттерді өлтіруі және  Теһрандағы америкалық тыңшылық ұясын жаулап алудағы имам Хомейнидің (р.а.) жолын ұстанған студенттердің революциялық қозғалысы Иран халқының үстемшілдікпен күресу үдерісіндегі бетбұрыс нүктесі болып табылады.

 

Тегтер