Қар 04, 2023 17:57 Asia/Almaty
  • 13 абан шеруінің мәлімдемесі: Иран Палестина халқын қолдайды

13 абан күні шеруіне қатысушылар мәлімдеме шығарып, батыс билеушілерінің адам құқықтарына қатысты екі жақты саясатын айыптай отырып, Палестинаның түпкілікті жеңісіне дейін осы төзімді және қаһарман халықтың жанында болатындарын баса айтты.


 

Иран Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 13 абан шеруіне қатысушылар имам Хомейнидің жолын ұстанып, бұл күнді құрмет пен мақтаныш және  үстемшілдікке қарсы тұрудың ең маңызды күндерінің біріне айналдырған шәһид және жігерлі студенттерді еске алуға арналған мәлімдемеде: "Енді әлемдік үстемшілдіктің қоршауына түскен қырып-жоюмен бетпе-бет келген халық  қарсыласу майданының «Әл-Ақса дауылы» жан-жақты және біріккен әрекетімен жеңістің тәттілігінің дәмін татты",- деп айтылды.

13 абан ұлттық шеруге қатысушылар: "Батыс Азиядағы қазіргі аймақтық дағдарыс қылмыскер Американың жабайы және лаңкестік сионистік үкіметті қаруландыру, қаржыландыру және айдап салудағы қылмыстық саясаттарының нәтижесі болып табылады",- деп мәлімдеді.  Бұл мәлімдемеде барлық исламдық елдер мен тәуелсіз үкіметтерден  халықаралық форумдарда нәсілшіл сионистік режимнің адамзатқа қарсы қылмыстары мен езілген Газа халқын қырғынға ұшыратуын қатаң айыптай отырып, саяси қарым-қатынастарды тоқтату, экономикалық ынтымақтастық пен мұнай мен газ экспортына қатысты гуманитарлық міндеттерін орындауды сұрады.

 

Тегтер