Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерінің сұхбаты Газадағы оқиғаларға арналды
(last modified Sat, 04 Nov 2023 12:43:05 GMT )
Қар 04, 2023 18:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерінің сұхбаты Газадағы оқиғаларға арналды

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдоллахиан мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли телефон арқылы сөйлескен кезде Газадағы оқиғалар мен кейбір екіжақты мәселелерді талқылады.

  

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдоллахиан осы телефон сұхбатында Ұлыбритания үкіметіне аймақтағы өзгерістерге шынайы көзқараспен қарауға кеңес берді.

Иран Сыртқы істер министрі Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Израиль режимін қолдауына жауап ретінде: "ИИР әрқашан мойындалған принциптер мен халықаралық заңдар негізінде басып алу құбылысымен күресуді өз құқығы деп санайды",- деді. Иран Сыртқы істер министрі АҚШ үкіметінің Тель-Авивке жан-жақты қолдау көрсетуін осы аймақтағы соғыстың қарқындылығының артуына себеп деп атап: "Аймақтағы қарсыласу күштері Ираннан бұйрық алмайды. Олар өз елінің ұлттық қауіпсіздігі мен аймақтың қауіпсіздігін ескере отырып, шешімдер қабылдайды",- деп айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі осы телефон сұхбатында өз елінің Палестинадағы оқиғаларға қатысты ұстанымдарына тоқталып, Лондон мен Теһран қарым-қатынастарының кешігуіне түсініктеме бере отырып,  аймақта соғыстың таралуына жол бермеу үшін ИИР-ның күш-жігерін салуға шақырды.

 

Тегтер