Амирабдоллахиан мен Лавров Газадағы оқиғаларға байланысты телефон арқылы сөйлесті
Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлескен кезде Газадағы жағдай мен екі жақтың мүдделеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап: "3 қарашада Иран тарапының бастамасымен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдоллахиан телефон арқылы сөйлесті",- хабарлады. Бұл мәлімдеменің жалғасында былай делінген: "Екі елдің Сыртқы істер министрлері Израиль-Палестина қақтығыс аймағындағы ағымдағы оқиғаларды талқылады". Газа секторындағы қазіргі қарулы қақтығыстарға қатысты жалпы алаңдаушылық білдіріліп, тез арада атысты тоқтату және осы аймақтағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмекті дереу жеткізу қажеттілігі атап өтілді.
Ресей Сыртқы істер министрлігі: "Сергей Лавров ирандық әріптесін Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі шиеленісті азайту және қазіргі жағдайды дипломатиялық және саяси арналарға жеткізу үшін талпыныстары туралы хабардар етті",- деді.