Қар 11, 2023 17:28 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Ислам елдерінің саммиті соғысты қоздырушыларға күшті жолдау болады

Иран Сыртқы істер министрі: «Ислам елдерінің эр-Риядтағы саммиті аймақтағы соғысты қоздырушыларға күшті жолдау болып, Палестинада соғыс қылмыстары мен геноцидтің тоқтатылуына себепші болады",- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран делегациясы Сауд Арабиясына аттанар алдында Хұсейн Амирабдуллахиан: «ИИР Президенті осы мүмкіндікті пайдаланып, геноцидтің соғыс қылмыстарын тоқтату, үздіксіз гуманитарлық көмек жіберу, мәжбүрлі миграциямен күресу және қарсыласу мен азаттыққа назар аудару үшін маңызды ұсыныстар жасайды және ХАМАС-тың қарсыласу және азаттық қозғалысы Палестинаның азаттық қозғалысы екеніне тоқталады",- деп мәлімдеді. Амирабдуллахиан бұл сапар барысында кейбір ықпалды елдер басшыларымен Палестина мәселесі бойынша кездесулер өткізіліп, параллельді түрде Иран Президентімен елдердің президенттері деңгейінде екіжақты ынтымақтастықтар өтетінін хабарлады.

 

Тегтер