Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Сионистік режим  өмірін жалғастыра алмайды
(last modified Sat, 11 Nov 2023 12:59:36 GMT )
Қар 11, 2023 18:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Сионистік режим  өмірін жалғастыра алмайды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Газадағы соңғы оқиғаларды ауыр әрі үлкен оқиға деп сипаттап: " Осы қатыгездік пен дұшпандықпен аман қалуға еркі бар жаулар ортасында сионистік режим одан әрі өмір сүре алмайды", -деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор  Хұсейн Салами кеше жұма күні Теһрандағы Құран жаттаушылардың алғашқы үлкен жиынында сионистік режимнің Газа секторын бомбалауының жалғасуына тоқталды. Ол: " Израильдіктер Газа белдеуін әскери жолмен ауыр отпен жаулап алуға тырысуда, бірақ палестиналықтардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың шәһид болуы, саяси түсінбеушілік пен болашаққа қатысты белгісіздік сионистік режим басшыларын үрейлендірді. Сионизм доктриналары күйреді және Израильдің ішкі қауіпсіздігі мен тежеу ​​қабілеті жойылды және Америка бұл режимді құтқара алмайды",- деп баса айтты.