Ар-ұжданның зұлымдыққа қарсы күресі
(last modified Sun, 12 Nov 2023 12:06:38 GMT )
Қар 12, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • Ар-ұжданның зұлымдыққа қарсы күресі

Иран Президенті қазіргі Газадағы жағдайды ар-ұждан өзегінің зұлымдыққа қарсы күресі деп сипаттады.

Раиси бүгін Эр-Риядта Газадағы өзгерістерді талқылау мақсатында өткен Ислам елдері басшыларының саммитында араб елдері басшыларынан қай сапта екенін анықтауды сұрады.

Иран Президенті бүгінде Палестинаның адамдық қадір-қасиеттің критерийіне айналғанын айтып: "Ислам елдері басшылары қазір Газа туралы маңызды шешім қабылдай алады",-деді.

Раиси Сауд Арабиясына осы маңызды саммитты өткізгеніне алғыс айтып, аймақтағы өзгерістерді ескере отырып, Палестинаны ислам әлемінің бірінші мәселесі деп атап, осы саммитке қатысқан елдердің басшыларына бірнеше ұсыныс айтып, шешім жолын ұсынды. Газа халқын қырып-жоюды дереу тоқтату, Газа қоршауын толық жою, Рафах өткелін ешбір шартсыз қайта ашу және гуманитарлық көмек жіберу – Раисидің ойынша осы жайттар саммитке қатысқан елдер басшыларының қолдауына ие болуы тиіс.

Сионистерді Газадан шұғыл түрде шығару, аймақ елдерінің сионистермен саяси-экономикалық салада, әсіресе энергетика саласында барлық қатынасын үзу, сионистік тауарларға санкция жариялау да Раиси ұсынған ұсыныстар қатарына жатады.  

Раиси сондай-ақ Ислам елдері басшыларынан сионистік режимнің армиясын бір лаңкестік топ ретінде тануды сұрады.