Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: Иран кез келген жағдайға дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i73708
Ислам революциясының Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: "Еш қай ел Иранға сес көрсететіндей жағдайда емес. Біз күш-қуаттың шыңына жеттік. Кез келген жағдайға дайынбыз",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2023 17:50 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: Иран кез келген жағдайға дайын

Ислам революциясының Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: "Еш қай ел Иранға сес көрсететіндей жағдайда емес. Біз күш-қуаттың шыңына жеттік. Кез келген жағдайға дайынбыз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Амирәли Хаджизаде бүгін таңертең Теһранның шәһид Реджаи атындағы университетінде шәһид Теһранимұқаддамды еске алу конгресінің аясында АҚШ-тың Иранға сес көрсеткені туралы кейбір қауесеттер туралы: "Америкалықтар Иранға қоқан-лоқы жасамайды. Олар кейде хат жазады. Бір түнде Иранға үш рет хат жазған кезі болды. Хаттардың бәрі өтініш тілімен жазылған",-деді.

Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Газа соғысының таралу ықтималы туралы: "Бүгінде соғыс аумағы ұлғайды. Ливан соғысқа араласты. Қақтығыстар шегі одан ары арта түсуі мүмкін. Болашақ бұлыңғыр, бірақ Иран кез келген жағдайға дайын",-деді.