Амирабдуллахиан Женеваға барады
(last modified Tue, 14 Nov 2023 13:30:27 GMT )
Қар 14, 2023 19:30 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан Женеваға барады

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның Палестина мәселесіне қатысты дипломатиялық талпыныстарын жалғастыру аясында Амирабдуллахианның Женеваға сапарын хабарлады.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани бүгін, сейсенбі былай деді: "Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Палестина мәселесіне байланысты дипломатиялық талпыныстарын жалғастыру, Газадағы қысым көрген халыққа гуманитарлық көмек жіберу мәселесін халықаралық деңгейде қолға алу, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік Қызыл Крест ұйымының кейбір лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Женеваға сапар шегеді".

 

Тегтер