Ислам революциясы жетекшісінің Құран ойларының халықаралық конгресі басталды
Ислам революциясы жетекшісінің Құран ойларының екінші халықаралық конгресі Теһранда басталды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің Құран ойларының екінші халықаралық конгресі бұл саланың ирандық және халықаралық ойшылдарының қатысуымен Құм діни оқу орындарының Жамаат әл-Мустафа (с.ғ.с.) университетімен ынтымақтастықта, Иран армиясының идеологиялық-саяси ұйымының ұйымдастыруымен Теһрандағы «Кәусар» конференция орталығында өтуде.
Иран армиясының саяси идеологиясының басшысы Аббас Мұхаммад Хасани осы конгрессте Құран саласындағы жазу мен зерттеу мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін және бұл конгрестің осы жұмыстың бастамасы екенін айтты. Ол: "Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша "кез келген ел теорияны дамыта алатын болса, ол қызметші және ту ұстаушы бола алады",- деді.