Қар 15, 2023 22:29 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистік режимнің Газадағы қылмыстары - Батыстағы адам  құқығы туралы мифтің соңы

ИИР Президенті үкімет отырысында сионистердің Газадағы қорқынышты қылмыстарының Батыстың адам құқығы туралы мифы мен осыған байланысты уәждерін жойғанын қуаттады.

 

 Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси, сәрсенбіде үкімет отырысында: "Халықаралық институттардың үнсіздігі және Америка мен Батыс елдерінің сионистердің Газада жасаған қорқынышты қылмыстарына қолдау көрсетуі адам құқығы туралы мифті және Батыстың осыған байланысты уәждерін жойды. Әлбетте, езілген Палестина халқының әділетсіз төгілген қаны қазіргі зұлым жүйенің жойылуына және әділетті әлемдік тәртіптің орнатылуына негіз қалады",- деді. Раиси  сондай-ақ өнер және кітаптар, фильмдер, театр және деректі фильмдер сияқты өнер түрлерінің рөлін Палестина қарсыласуының жарқын және ақ көріністері мен сионистік қылмыскерлер мен олардың жақтастарының сұмдық және қараңғы жүзін бейнелеуде өте тиімді деп санады.

 

 

Тегтер