Генерал-майор Салами: АҚШ пен Еуропа Израильді күйреуден құтқара алмайды
(last modified Sun, 19 Nov 2023 10:26:22 GMT )
Қар 19, 2023 16:26 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами:  АҚШ пен Еуропа Израильді күйреуден құтқара алмайды

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сионистік режимнің бұдан былай тыныштық пен қауіпсіздік көре алмайтынын айтып: "АҚШ пен Еуропа Израильді күйреу қатерінен құтқара алмайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами сенбі күні кешке Теһранның "Еңғелаб" алаңында өткен антисионистік митингке қатысқандардың алдында сөйлеген сөзінде "әл-Ақса дауылы" операциясына тоқталып: "Адамзаттың соғыс тарихында тұтқиылдан жасалған ең тосын операция атанған "әл-Ақса дауылы" операциясында соңғы жүз жылда Ұлыбритания, Франция, АҚШ пен сионистік режим үкіметтерінің бір халыққа жасаған қылмыстары мен зұлымдықтары көрініс тапты. Олар 75 жыл бойы палестиналықтарды өз жерінен қуып жіберді, оларды қадір-қасиет, тыныштық, қауіпсіздік пен прогрестен айырды",-деді.

Генерал-майор Салами: "Бұл операция сионистердің өзі туралы әлемге көрсеткен сиқырын жойып, мұсылмандар мен палестиналықтардың қорқынышын жеңуге көмектесті",-деді.

Генерал-майор Салами: "Әл-Ақса дауылы" операциясы АҚШ сияқты шетелдік мемлекеттердің көмектерінің Израильді күйреу қатерінен құтқара алмайтынын көрсетті. Өйткені америкалықтар жеткенше, мұсылмандар мен палестиналықтар режимді толық құртып жіберуі мүмкін. АҚШ сионистерге көмектесемін дегенде кеш болады. Тіпті осы жолы да оқиға осылай болды",-деді.