Генерал-майор Бақери: Қарсыласу майданы сионистерді жойяды
(last modified Tue, 21 Nov 2023 12:28:35 GMT )
Қар 21, 2023 18:28 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бақери: Қарсыласу майданы сионистерді жойяды

ИИР Қарулы күштері Бас штабының басшысы қарсыласу майданының сионистерді жойятынын баса айтты.

 

 

Генерал-майор Мұхаммад Бақери: «Дұшпандар білуі керек, шәһид Сүлейманидің қаны әлі қайнап жатыр және ислам елдері мен Қарсыласу осі жастары тыныш отырмайды және үстемшілдікке жол бермейді",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қарулы Күштер Бас штабының басшысы бүгін (сейсенбі) Кермандағы шәһидтер Гүлзарында шәһид Сүлеймани мазарының жанында шәһидтерге тағзым етіп, былай деді: "Бұл күндер бүкіл әлем шәһид Сүлеймани мен оның жолдастарының Палестинада отырғызған көшетінің нұр ағашына айналғанына, қарсыласу майданы сионистерді жойып жіберетініне куә болып отырған күндер".