Раиси: Сионистер үшін Газа соғысының нәтижесі қоғамдық жиреніш болды
Иран Президенті Палестина халқының табандылығына тоқталып: "Әлем халықтары алдында қарсыласу тарихының алтын парағы басталды. 40 күн бойы дұшпанның масқарасы шықты",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси мен Эксперттер кеңесі төрағасының орынбасары бейсенбі күні таңертең осы кеңестің жиналысында Құдай мен өз-өздеріне сенетін Палестина халқының табанды талпыныстарына құрмет білдіріп: "Әлем халықтары алдында қарсыласу тарихының алтын парағы басталды. 40 күн бойы дұшпанның масқарасы шықты",-деді.
Ибрахим Раиси: "Бүгін – атысты тоқтату бітімі жарияланған күн. Халықтың табандылығы нәтиже берді. Дұшпан өз мақсаттарына жетпеді. Өйткені ол Газаны басып алып, ХАМАС-ты жойғысы келді. Бірақ осы режимге қалған нәрсе – бүкіл әлем халықтарының жиреніші",-деді.
Раиси Батыстың ешбір елі адам құқығын қорғау және әйелдер мен балалардың құқықтарына жақтасу туралы жақ аша алмайтынын, бұл мәселе тарихи иронияға айналғанын айтып, Батыс елдерінің Израильдегі нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікті қолдайтыны байқалғанын айтып: "Әлемдегі қазіргі жүйе әділетсіз әрі зұлым. Бұл жүйе залымды орнына қоя алмайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиімсіздігі айқындалды",-деді.
Раиси атысты тоқтату бітімі орнағанын және Газа халқына гуманитарлық көмек жіберу керегін айтып: "Халықаралық ұйымдар өз тиімділігін жоғалтты. Жаңадан құрылған ұйымдар мен әлем халықтары Палестина халқын қолдау үшін тиісті шаралар атқаруы тиіс",-деді.