Ұлыбритания мен Францияда халықтың көшеге шығуы сионистердің жойылуға жақын екенін көрсетеді
Теһран жұма намазының құтпагері: "Ұлыбритания мен Францияда халықтың көшеге шығуы сионистердің жойылуға жақын екенін көрсетеді. Бұйырса, АҚШ-тың құлдырауына куә боламыз",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Газадағы соңғы өзгерістерге тоқталып: "Әл-Ақса дауылы" операциясы – Иран Ислам революциясының арманы",-деді.
Казем Седдиқи: "Басқыншылыққа қарсы пассивті қозғалыс пен келіссөздер нәтиже бермейді",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Палестина халқының 44 жылдық интифазада қорғаныс позициясында болса, қазір басқыншы позициясында тұрғанын айтып: "Иман, джиһад және табандылық мектебінде тәрбиеленген халық жарты күнде сионистерге техникалық соққы берді",-деді.
Казем Седдиқи: "ХАМАС иман мен қайсарлыққа сүйеніп, сионистік режимнің белін сындырды, АҚШ-тың сүйектерінің сынған дыбысы естілді",-деді.