Иран Сыртқы істер министрі аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға үмітін білдірді
(last modified Sat, 25 Nov 2023 11:58:11 GMT )
Қар 25, 2023 17:58 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға үмітін білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Газа секторында атысты тоқтату бітімінің басталуы және палестиналық әйелдер мен балалардың босатылуы және тұтқындармен алмасу арқылы аймақта тұрақтылық пен  қауіпсіздік орнайтынына үміт білдірді.

 

ИСНА-ның хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Газа секторында атысты тоқтатудың басталуына алғашқы реакциясында сионистік режимнің езілген Палестина халқына қарсы қылмыстарының тоқтатылуына ризалығын білдіріп: "Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) әрекеті қисынды және адамгершілікке сай",- деді.

Амирабдуллахиан Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Катардағы саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен кездесуі туралы: «Соғыс басталғалы ХАМАС азаматтық тұтқындарды босатуға бел буды, бірақ Израиль жағы соғыс тудыруға сылтау табу үшін бұл мәселеге кедергі жасады",- деп айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі ИИР-ның дипломатиялық аппаратының соңғы екі күндегі талпыныстарына тоқталып: «Аймақ қазірден бастап қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жаңа кезеңіне өтуі үшін сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату жалғасуы керек»,-деп мәлімдеді.