"Дейламан" ирандық эсминеці Иран армиясы теңіз күштерінің солтүстік флотына қосылды
Анзали айлағында өткен ресми рәсімде "Дейламан" ирандық эсминеці Иран армиясы теңіз күштерінің солтүстік флотына қосылды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Дейламан" ирандық эсминеці – Иран армиясы теңіз күштері тарапынан жобаланып, теңіз өнеркәсібі кешенінде жасалып, бүгінде елдің солтүстік флотына қосылған "Джамаран" типіндегі бесінші кеме.
Толығымен ирандық эсминец түрлі қорғаныс және шабуылдаушы жүйелермен жабдықталған. Ұзақ уақыт теңізде жүзу қабілетімен қоса, іздестіру, анықтау, бақылау және қажет болған жағдайда әуеден, теңіз бетінен және астынан жасалған кез келген шабуылға төтеп беруге қабілетті.
"Дейламан" ирандық эсминецінің палубасы тікұшақ қонып-ұша алатындай жобаланған.