Қар 27, 2023 19:11 Asia/Almaty
  • Қалибаф Ливан Хизбулласының мүшесі Аббас Раадтың шәһид болғанына байланысты көңіл айтты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ливан Парламенті депутатының ұлы Аббас Раадтың шәһид болғанына байланысты көңіл айтты.

23 қараша сионистік режимнің Ливанның оңтүстігіне жасаған шабуылы салдарынан Хизбулланың бес мүшесі шәһид болды. Ливан исламдық қарсыласу қозғалысы Бейт-Яхунда өзінің бес мүшесі, соның ішінде Аббас Мұхаммед Раадтың қаза болғанын хабарлады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф хат жолдап, Ливан Парламентінің қарсыласу қозғалысына адал болу фракциясы басшысының ұлы  Аббас Раадтың шәһид болғанына байланысты көңіл айтты.

Көңіл айту хатында: "Палестина мен Ливан шәһидтерінің арқасында халықтың исламдық-адамдық құндылықтарды қорғауға, ұлттық бірлікті сақтауға және қарсыласу өзегі толық жеңіске жеткенге дейін табынды қарсы тұруға ерік-жігері артады",-делінген.

 

Тегтер