Канани: Сионистік вампирлер Американың қолдауымен Газадағы қырып-жоюды қайта бастады
(last modified Fri, 01 Dec 2023 13:40:39 GMT )
Жел 01, 2023 19:40 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистік вампирлер Американың қолдауымен Газадағы қырып-жоюды қайта бастады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: "Сионистік вампирлер 15 мыңнан астам палестиналықты өлтіргеннен кейін Америка үкіметінің үздіксіз қолдауымен Газадағы қырып-жоюдың жаңа кезеңін бастады".

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани виртуалды кеңістіктегі жеке парақшасында Израильдің атысты тоқтату келісімін бұзуы және АҚШ Мемлекеттік хатшысының басып алынған аумақтардан кетуіне бірнеше минут қалғанда Газаға қарсы әскери агрессиясын қайта бастауына сілтеме жасай отырып, былай деп жазды: "Тағы да бейбіт тұрғындар, балалар мен әйелдер сионистік режимнің қылмыстық шабуылдарының негізгі құрбандары. Әлем елдері мен үкіметтерінің көпшілігі атысты тоқтатуды жалғастыру және сионистік режимнің шабуылдарын толығымен тоқтатуды талап етеді, бірақ қылмыскер және балаларды өлтіретін сионистер орны толмас жеңілістің орнын толтыру деген қиялда қарапайым тұрғындарды, балалар мен әйелдерді өлтіру арқылы жеңіске жетуді көздейді". Иранның дипломатиялық жүйесінің баспасөз хатшысы: «Әлбетте, сионистік режимнің қылмыскерлеріне қоса Палестина халқының басқыншылығы мен өлтірілуінің саяси және құқықтық жауапкершілігі Америка үкіметі мен осы апартеид режимін қолдайтын бірнеше үкіметтерге жүктеледі»,- деп баса айтты.