Иракта лаңкестерді жою керегі баса айтылды
(last modified Mon, 04 Dec 2023 09:13:43 GMT )
Жел 04, 2023 15:13 Asia/Almaty
  • Иракта лаңкестерді жою керегі баса айтылды

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Ирак басшылары, соның ішінде осы елдің Премьер-министрі, Қорғаныс министрі және Ішкі істер министрімен кездесуінде Ирак пен Иран шекарасы маңында кейбір лаңкестік элементтердің орналасқаны туралы ақпараттарға тоқталып: "Ирак үкіметі осы лаңкестік топтарды толық қарусыздандырғанға дейін өз іс-қимылдарын жалғастыра береді деп үміттенеміз",-деді.

Иран мен Ирактың арасындағы шекара 1500 км-ге созылып жатыр. Өткен жылы қыркүйек айында Иран Ирактың солтүстігіндегі сепаратистік лаңкестердің позицияларына зымырандық шабуыл жасады.