Жел 04, 2023 22:20 Asia/Almaty
  • Иранның сыртқы саудасы биылғы 8 айда 70 млрд доллардан асты

Биылғы 8 айда Иранның экспорттық үлесі 32 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 27 пайызға артса, құны тұрғысынан 1,5 пайызға төмендеген.

Қытай, Ирак, БАӘ, Түркия мен Үндістан – Иранның мұнайдан тыс тауарлары экспортталатын басты бес ел. Сұйытылған табиғи газ, сұйытылған пропан, метанол, битум, сұйытылған бутан – Иранның басты бес экспорттық тауары.

Кеден басқармасының статистикалық мәліметі бойынша, биылғы 8 айда Иранға құны 42 млрд долларды құрайтын тауар импортталған. Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 4,5 пайызға, құны тұрғысынан 12,5 пайызға артқан.  

 

Тегтер