Жел 05, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесінің төрағасы мен Кубаның президенті арасындағы кездесуде ынтымақтастықтың кеңеюі қуатталды

Иран Ислам кеңесінің Төрағасы мен Куба Президенті кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне тоқталды.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мигель Диас-Канелмен кездесуде Қалибаф: "Иран мен Куба жылдар бойы әлемде қысымшылықпен, адам құқықтарына қарсы мәселелермен және екі жақтылықпен күресіп келе жатқан, сонымен қатар қарым-қатынастарды басқа салаларда да дамытуды қажет ететін екі революциялық ел",- деді. Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Газада орын алып жатқан қылмыстарға да тоқталып, оларды сөзсіз американдықтар басқаратынына сілтеме жасап: "Екі ел Палестинада болып жатқан саяси және әскери пікірталастарға және халықтың қырылуына назар аударуы керек және бұл салада екі елдің үкіметтері, парламенттері және халықтары арасындағы ынтымақтастық өте маңызды",- деп сөзін жалғады.

Куба Республикасының Президенті Палестина мәселесіне қатысты елінің бұл қылмыстарды айыптағанын айтып: «Кубаның әр жерінде күн сайын дерлік Палестина ұлтын қолдау үшін шерулер өтіп жатыр",- деді.

 

Тегтер