Студенттер күні – Иран халқының үстемшілдерге қарсы күрес символы
(last modified Thu, 07 Dec 2023 10:43:19 GMT )
Жел 07, 2023 16:43 Asia/Almaty
  • Студенттер күні – Иран халқының үстемшілдерге қарсы күрес символы

Бүгін, бейсенбі 16 азар (7 желтоқсан) ИИР күнтізбесінде Студенттер күні деп аталған.

1953 жылы 7 желтоқсанда Иранның студенттері АҚШ-тың сол кездегі Президентінің орынбасары Ричард Никсонның Теһранға сапарымен бір мезгілде Вашингтонның Иранның ішкі іске араласуына наразылық ретінде Теһран университетінің алдында шеру өткізді. Шах режимінің әскерилері шерушілерге шабуыл жасап, оларды қанға бөктірді.

Пехлеви режимі әскерилерінің шерушілерге шабуылында 3 ирандық студент қаза тауып, жүздеген адам жараланды.

Студенттер күні Иран халқының АҚШ-тың ішкі іске араласу саясатына қарсы күресінің тарихындағы бір шешуші кезеңді еске түсіреді. Сондықтан 16 азар Иранда студенттік қозғалыстың қалыптасуында маңызы зор.

Үстемшілдікке қарсы күресу және діни-революциялық армандарды көздеу Иранның студенттік қозғалысының басталғаннан бүгінге дейінгі ең көрнекті ерекшеліктері болып табылады.