Иран Президенті Мәскеуге аттанды
Раиси: "Газа секторын бомбалауды тоқтату, қоршауды жою және Палестинаға гуманитарлық көмек жіберу Мәскеу сапарында талқыланатын басты мәселелер болады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін Ресейге аттанбас бұрын Мехрабад әуежайында тілшілерге берген сұхбатында: "Бұл сапар Путиннің шақыруымен аймақтағы маңызды мәселелерді талқылау, екі елдің түрлі салалардағы қарым-қатынасын кеңейту мақсатында жүзеге асырылғалы отыр. Кейінгі жылдары екі елдің байланысын дамыту және аймақтағы мүдделерін қорғау жолында жақсы қадамдар жасалды",-деді.
Иран Президенті: "Екі ел де аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік болғанын қалайды. Аймақтық және трансаймақтық мәселелерге қатысты ортақ ұстанымымыз бар. Энергетика, өндірістік желілер мен ауыл шаруашылығын нығайту – Иран мен Ресейдің ынтымақтастық салалары",-деді.
Раиси: "Иран мен Ресейдің Еуразия экономикалық одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және BRICS ұйымдары аясындағы әріптестігі жалғасып жатыр. Өзара сауда-экономикалық қатынасты дамыту үшін тиісті қадамдар жасалды. Байланысты одан ары нығайтуға қажетті әлеуеттер бар",-деді.
Раиси: "Екі ел "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі жобасын орындауды көздеп отыр. Келіссөздердің тағы бір өзекті тақырыбы осы жобаны орындауды жылдамдату болмақ",-деді.