Амирабдуллахиан сионистік режимнің Газадағы қырғынын айыптады
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан жұма күні кешке Германия Сыртқы істер министрі сырАнналена Бербокпен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің Газадағы қырғынын айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан бұл сұхбатта Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында бейбіт тұрғындар, әйелдер мен балалардың өлтірілуінің жалғасуына тоқталып, халықаралық қауымдастықтың адам құқықтарына қатысты маңызды мәселеге ерекше назар аударуы қажеттігін атап өтті.
Германия Сыртқы істер министрі Палестинадағы оқиғаларға байланысты дағдарыстың ауқымын кеңейтпеу қажеттілігіне сілтеме жасап, Газа дағдарысының шешілуі тек саяси шешімдермен мүмкін екенін айтты. Бербок халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндіріп: «Германия аймақтағы шиеленісті азайту үшін Иранның көмегін талап етеді",- деді.