Жел 11, 2023 20:22 Asia/Almaty
  • Иран ғарышқа ғарышкер жіберуді жоспарлап отыр

Иран Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі елдің ғарыш өнеркәсібінің ғарышқа ғарышкер жіберуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Иса Зарепур ирандық әлеуметтік желіде жазған жазбасында: "Ғарыш өнеркәсібінің 10 жылдық бағдарламасына сәйкес 2028 жылы ғарышқа ирандық капсуламен ғарышкер ұшырылады",-деп жазды.

Иран Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі: "Өткен аптада ирандық биокапсуланың жаңа буыны сынақтан сәтті өткеннен кейін осы елдің ғарыш өнеркәсібінің 10 жылдық бағдарламасына сәйкес түпкілікті мақсатқа жеткенше біртіндеп қадам басамыз",-деп жазды.

Тегтер