Жел 12, 2023 16:50 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан мен Лавров Газа секторы және екіжақты қарым-қатынастар туралы телефон арқылы кеңесті

ИИР Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің қарарына   вето қоюын Газа тұрғындарына геноцид жасауды жалғастыруға рұқсат беру деп атады.

 

Амирабдуллахиан Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен кезде екіжақты және аймақтық қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді, соның ішінде Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауына қарсы соғыстағы соңғы оқиғаларды талқылады. ИИР Сыртқы істер министрі Иран мен Ресей президенттерінің Мәскеуде өткен соңғы кездесуіне тоқталып, екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі мәселелерге шолу жасап, Иран және Ресей жоғары лауазымды қайраткерлері арасындағы кеңесулер мен байланыстарды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Амирабдуллахиан сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израиль режимінің Газадағы бейбіт тұрғындарға қарсы әскери шабуылдары мен қылмыстарын тоқтату мәселесіне АҚШ-тың вето қоюына өкініш білдірді және бұл әрекетті Газа тұрғындарына қарсы геноцидтің жалғасуына рұқсат беру деп бағалады. Ол соғыс қылмыстарын дереу тоқтату және Газа секторына көбірек гуманитарлық көмек жіберу үшін әрекет ету қажеттігін еске салды.

Ресей Сыртқы істер министрі де Раиси мен Путиннің жақында өткен кездесуі мен келіссөздерін өте маңызды деп бағалады. Лавров оккупацияланған Палестина аумақтарындағы қазіргі оқиғалар аясында екіжақты ынтымақтастық үдерісіне ризалығын білдіріп, атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін халықаралық күш-жігерді жалғастыру, Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберуді арттыру қажеттігін және тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қуаттады.

 

    

 

Тегтер