Иран Сыртқы істер министрі Қытай Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
(last modified Tue, 12 Dec 2023 11:55:23 GMT )
Жел 12, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Қытай Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сөйлесуінде көпжақты және аймақтық қарым-қатынастарды, әсіресе Палестинадағы соңғы өзгерістерді талқылап, пікір алмасты.

 

 

Амирабдуллахиан Американың Газадағы геноцидті тоқтату қарарына вето қоюына наразылығын білдіріп, Қытайдың аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату жолындағы сындарлы талпыныстарына және Газаға қарсы соғысты тоқтатуда белсенді рөл атқару қажеттігіне назар аударды. Ол: "Аймақтағы соғыстың ауқымы кеңейіп, Газаға жасалған шабуылдар дереу тоқтатылмаса, аймақта жарылыс болуы және бақылау барлық тараптардың қолынан шығып кетуі мүмкін",- деді.

Қытай Сыртқы істер министрі де Газадағы атысты тоқтату қарарына вето қойғанына өкініш білдіріп: «Қытай үшін атысты тоқтату келісімін орнату және дереу гуманитарлық көмек жіберу маңызды",- деп айтты. Ван И алдағы БҰҰ Бас ассамблеясының отырысы аймақта атысты тоқтату режимін орнату мүмкіндігі болатынына үміт білдірді.