Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Газадағы соғыстың тоқтатылу қажеттігін қуаттады
(last modified Tue, 12 Dec 2023 13:44:07 GMT )
Жел 12, 2023 19:44 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия  Сыртқы істер министрлері Газадағы соғыстың тоқтатылу қажеттігін қуаттады

Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері сионистік режимге қысым жасау үшін аймақтық және халықаралық аренада дипломатиялық кеңесулер мен талпыныстарды жалғастыру және дамыту қажеттігін қуаттап, Газадағы атысты тоқтату келісімін қабылдап, соғысты тоқтатуды талап етті.

.

 

ИИР мен Түркия Сыртқы істер министрлері Хұсейн Амирабдуллахиан мен Хакан Фидан телефон сұхбатында екіжақты және аймақтық қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі кейбір мәселелер, әсіресе, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистердің Палестина халқына қарсы қылмыстарын жалғастыру мәселелері талқыланды.

ИИР Сыртқы істер министрі Американың сионистік режимге толыққанды қолдау көрсетуін сионистердің Газа және Палестинаның Батыс жағалауы тұрғындарына қарсы қылмыстарының жалғасуының себебі деп санап, осы қылмыстарды тоқтату және бастамалар мен дипломатиялық күш-жігер арқылы Газа аймағындағы геноцидті тоқтату, сондай-ақ палестиналықтарға тез арада жеңілдіктер беру және олардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін барынша күш салу қажеттігін баса айтты.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан таяу болашақта Иран мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі 8-ші кездесудің өткізілуіне сілтеме жасап, Газаға қарсы соғыста атысты тоқтату үшін Иранның дипломатиялық талпыныстарын жоғары бағалай отырып, Палестинаны ислам әлемінің өзекті мәселесі деп санады.