Раск ауданында болған лаңкестік шабуылдан 11 тәртіп сақшысы шәһид болды
Иран полиция басқармасының баспасөз өкілі Систан мен Белучистандағы Раск ауданында бір полиция бөлімшесіне жасалған лаңкестік шабуылда 11 тәртіп сақшысы қаза тапқанын хабарлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран полиция басқармасының баспасөз өкілі бейсенбі күні кешке лаңкестердің Раск ауданындағы бір полиция бөлімшесіне тұтқиылдан шабуыл жасап, 11 тәртіп сақшысын шәһид еткенін айтып: "Бұл шабуылда бірнеше лаңкес те қаза тауып, жараланды",-деді.
Иранның Систан мен Белучистан облысының полиция басшысы оқиға орнына барып, жағдайды өз бақылауына алды. "Джейш ул-Зұлм" лаңкестік тобы Раск ауданындағы бір полиция бөлімшесіне жасалған лаңкестік шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.
Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ, сионистік режим және оның аймақтағы одақтастары тарапынан ИИР үкіметін құлатуға бағытталған түрлі қастандықтар жасалды.