Жел 15, 2023 21:16 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Газа халқы АҚШ, сионистік режим мен олардың еуропалық көмекшілерінің бетпердесін ашып, сұрқия жүзін көрсетті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абуторабифард бүгінгі жұма намазының құтпаларында: "Қазіргі таңда Газа АҚШ-тың ең қауіпті экспорттық тауары – Батыстың азаттық, адам құқығы мен демократиясын халықаралық қауымдастықтың назарына ұсынып отыр. Батыстық билеушілердің антигуманистік материалдық ойларына қарсы әлемнің шығысы, батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде ауқымды географиялық көлемде бір үлкен азаматтық майдан қалыптасты",-деді.

Абуторабифард: "Әлемде түбегейлі құрылымдық өзгерістер болып жатқаны анық. Қосполюсті және бірполюсті билік бөлінісі үстемдік еткен кезең аяқталды",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: "Әл-Ақса дауылы" операциясы және Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауының ержүрек халқының табандылығы Қарсыласу күштерінің бөлекше саяси-әскери сенімі мен жаңа стратегиясын көрсетті",-деді.  

Тегтер