Жел 17, 2023 18:58 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Шәһадат – ұлттың мәңгілігінің көрінісі

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы шәһадат ұлттың мәңгілігінің белгісі екенін және онсыз ешбір ұлттың өмір сүре алмайтынын баса айтты.


ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами бүгін (жексенбі) Теһрандағы қасиетті қорғаныс шәһидтерімен қоштасу рәсімінде: «Шәһадат – ұлттың мәңгілігінің көрінісі және онсыз ешбір халық өмір сүре алмайды. Осы шәһидтер абырой, бедел, даму, үміт пен тыныштық берді. Біз бүгін әлемге ұлы держава ретінде танылдық, бұл халыққа, жерге шабуыл жасауға ешбір күштің батылы жетпейді. Бұл ұлы, абыройлы, жалынды бауырларымыз мақтаныш пен жігердің белгісі",- деді.

 

Тегтер